2025 жылғы 7–8 қараша күндері Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Өңірлік диалог: жастардың Қазақстанның климаттық саясатын іске асырудағы рөлі» атты өңірлік дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара LCOY Kazakhstan 2025 бастамасы аясында - БҰҰ Рамалық конвенциясы жөніндегі хатшылық жанындағы YOUNGO жастар қанаты мойындаған жаһандық жастар үдерісінің бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды және экологиялық мәдениетті дамыту мен халықты табиғатты қорғау және климат мәселелерін шешуге тартуға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысының мақсаттарын қолдады.

Дөңгелек үстел ШҚТУ-дың Тұрақты даму офисінің қолдауымен, сондай-ақ United Central Asian Professionals (ҚҚ «Қазақстанның Су серіктестігі»), Climate for Us, Фридрих Эберт қорының Қазақстандағы өкілдігі және CAN ВЕКЦА серіктестігімен ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты - Шығыс Қазақстан жастарын климаттық бастамаларға тарту және климаттың өзгеру салдарын бейімдеу мен жұмсарту жөніндегі өңірлік ұсыныстарды әзірлеу үшін ашық диалог алаңын құру болды.

Кездесу барысында қатысушылар өңірдің экологиялық және климаттық сын-қатерлерін, сондай-ақ жастардың ұлттық климаттық саясатты жүзеге асыруға қатысу тетіктерін талқылады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жастардың идеялары мен ұсыныстары жинақталып, олар өңірдің жастар құжатына енгізілетін болады. Бұл құжат жастар, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады.

Аталған іс-шара Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында өткізілетін өңірлік дөңгелек үстелдер сериясының бір бөлігі болып табылады және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың ұлттық экологиялық бағдарлама «Таза Қазақстан» аясындағы тұрақты дамуға қосқан үлесін жалғастырды.