Басқарма Төрайымы - ректор С.Ж. Рахметуллинаның төрағалығымен университеттің кезекті Басқарма отырысы өтті.
Отырыс басында Шығыс Қазақстан облысы басшылығы атынан стратегиялық даму жөніндегі проректор У. Несіпқалиевке аймақтың ғылыми-білім беру және инновациялық даму бағыттарын бірлесіп іске асыруға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы табысталды.Сондай-ақ Жер туралы ғылымдар мектебінің аға оқытушысы С. Айтбаеваға 8D07201 - «Пайдалы қазбалар кен орындарын геология және барлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесінің университеттің өз үлгісіндегі дипломы табыс етілді.
Әріптестерге жылы лебіздер мен құттықтау сөздері айтылды.
Отырысқа проректорлар, мектеп декандары, құрылымдық бөлімшелер мен құзыреттер орталықтарының басшылары қатысты. Күн тәртібінде университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім беру сапасын қамтамасыз ету және сыртқы серіктестермен өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері қаралды.
Бірінші мәселе ретінде университеттің QS халықаралық рейтингтеріндегі мониторингі және ілгерілету жұмыстары талқыланды.Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасының басшысы Дарья Камильевна Аноп университеттің қазіргі позициялары мен жетістіктерін таныстырып, рейтинг көрсеткіштерін жақсарту және халықаралық академиялық беделді арттыру бағытындағы алдағы жоспарлармен бөлісті. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс университеттің халықаралық деңгейдегі беделін нығайтып, шетелдік студенттер мен серіктестер үшін тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
«Әртүрлі мәселелер» бөлімінде кәсіптік бағдарлау жұмыстарының жоспарын орындау, қала және өңір мектептерімен өзара іс-қимыл, сондай-ақ өткізілген іс-шаралардың тиімділігін мониторингілеу мәселелері қаралды.
Ақпараттық саясат және медиа-коммуникация орталығының басшысы Г. Жанабаева ағымдағы жұмыстар туралы ақпарат беріп, мектеп оқушыларымен өзара іс-қимылдың тиімді форматын атап өтті және кәсіптік бағдарлау іс-шараларының географиясын кеңейту қажеттігін атап өтті. Талқылау барысында мектеп декандары да өз ұсыныстарын білдіріп, жұмысты жетілдіру бойынша пікір алмасты.
Отырыс қорытындысы бойынша ректор тиісті тапсырмалар беріп, университеттің стратегиялық бағыттарын дамыту, білім сапасын арттыру және сыртқы коммуникацияның тиімділігін күшейту бойынша нақты міндеттер айқындады.

