Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, тәртіпті сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түсіндіру іс-шаралары жалғасуда.
30 қазан күні №1 жатақханада студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға әлеуметтік және тәрбие жұмысы департаментінің өкілдері, университеттің ішкі қауіпсіздік қызметі, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі инспектор қатысты. Кездесуде ішкі тәртіп ережелері, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, қауіпсіздік шаралары және әкімшілік пен қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
7 қараша күні №1 жатақхананың акт залында Шығыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығының маманымен студенттер арасында есірткі, никотин және алкогольдің адам ағзасы мен психикасына зияны туралы түсіндіру әңгімесі өтті. Кездесуде тәуелділіктің белгілері, оны жеңудегі ерік-жігер мен отбасы қолдауының маңызы, сондай-ақ салауатты өмір салтының артықшылықтары талқыланды.
Сыртқы қызметтер мен салалық мамандарды тарту студенттердің өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алуына, сондай-ақ жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
