16-сәуірде Гуманитарлық білім беру факультетінде қазақ және орыс тілдері кафедрасының «Абай» клубы мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығы аясында ««Үш бақытым: халқым, тілім, Отаным» атты поэтикалық шығармашылық байқауын өткізді.
Студенттер Отан, туған жер, атамекен тақырыбында поэзиялық шығармалар оқыды. Төл туындыларын оқыған 17-ГТК-1 тобының студенті Мырзабеков Мирас «Сыршыл жыр», 18-ГРК-1 тобының студенті Орал Аяужан «Жыр моншағы», дайындық бөлімінің студенті Хажаив Күміс «Мағыналы жыр» аталымымен марапатталды. Қатысушылар белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Қазақ және орыс тілдері кафедрасы