Бүгін ШҚМТУ студенттері «Простор» жазғы экспедициялық кампусқа аттанды.
Орман ресурстары және орман шаруашылығы, геодезия және картография, кадастр және жерге орналастыру, су ресурстары және суды пайдалану сынды мамандықтарда оқып жүрген 50-ден астам бірінші және екінші курс студенттері алған білімдерін іс-тәжірибеде қолданатын болады.
Екі апта ішінде іс-тәжірибеден өтіп қана қоймай, ШҚО-ның тұмса табиғаты аясында, атап айтсақ, Бұқтырма су қоймасы жағажайында демалуға мүмкіндік алады.
Карантинге байланысты, студенттер жайғасатын бөлмелерде санитарлық-эпедимиялогиялық талаптар сақталған.