Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті арасындағы жоғары оқу орындарының білім алушы контингенті арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 24 ақпанында университеттің №1 жатақханасының студенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесуге Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Ернұр Қанапиянов және талдау және ақпараттық-түсіндіру бөлімінің маманы М. Амринова қатысты. Кездесудің форматы әңгіме-сұхбат түрінде өтті.
Елімізде дін тақырыбы өте өзекті мәселелердің бірі. Ал қазіргі, техниканың жетілген заманында адамдар өзіне қажетті ақпаратты әлеуметтік желілерден және ғаламтордағы кез-келген дерек көзінен ала алады. Бірақ кез-келген ақпарат ақиқат болмауы әбден мүмкін. Осының салдарынан отандастарымыз, әсіресе, жастар теріс ағымның тұзағына түсіп отыр.
Осы мақсатта қатысушылардың негізгі құрамын жатақханада тұратын дінге қызығушылығы бар студенттер етіп таңдалынып алынды.
Әңгіме-сұхбат барысында студенттер мен спикердің арасында сенімді қарым-қатынас орнады.
Студенттер өздерін толғандырған теологиялық сұрақтарын ортаға салып, өз саласының маманынан кәсіби тұрғыдан жауап алды.
Студенттер тарапынан осындай іс-шараның жүйелі түрде өткізіліп тұруына ұсыныстар жасалынды.