Бүгін «Сәулет құрылыс және энергетика мектебінде» «Пайдалы демалыс» бағдарламасы аясында Өскемен мен Риддер, Катон-Қарағай, Алтай, Ұлан және Глубокое аудандарының оқушылары (9,10,11 сыныптар) қонақта болды.

Экскурсия барысында мектеп оқушылары «Құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығының», «Суды басқару және суды пайдалану саласындағы технологиялар құзыреті және трансферті орталығының», «Энергетика саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығының» жұмысымен танысты.

Сонымен қатар оқушылар сәулет және дизайн бағытына қызығушылық танытты. Оқушыларға бұл экскурсия өте ұнады және ризашылықтарын білдірді. Олар мектепті бітіргеннен кейін бізге келуді жоспарлап отыр, өйткені экскурсияға барғаннан кейін көптеген жағымды эмоциялар қалды.