Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Ғылыми кеңесі өз жұмысын өткізіп, бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Отырысты университет ректоры, басқарма төрағасы Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина басқарды. Кеңеске университеттің жетекші ғалымдары мен басқарушы тұлғалары қатысып, білім беру, ғылым мен инновация, академиялық ұтқырлық және интернационализация бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.

ШҚТУ ұжымы жиынды ең алды алғыс айтудан бастады. Айдын Ғибатұлы университтетке сіңірген еңбегін ескеріп ерекше марапат пен қошеметке ие болды.

Алғашқы мәселе ретінде 2023-2024 жылдарға арналған ШҚТУ-дың стратегиялық даму бағдарламасының есебі тыңдалды. Рахметуллина Сауле Жадыгеровна университеттің стратегиялық даму бағдарламасының алғашқы кезеңінде жеткен жетістіктерін атап өтіп, 2025-2029 жылдарға арналған түзетулер мен жоспарларды ұсынды. Бұл кезеңде университеттің ғылыми және білім беру бағыттарындағы жаңа қадамдары мен болашаққа арналған мақсаттары белгіленді.

Келесі мәселе бойынша проректор Асия Хасеновна Машекенова академиялық жетістік стратегиясы туралы баяндамасын ұсынды.

ШҚТУ-дың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, Арайлы Алибековна Сарсембаева университеттің интернационализация стратегиясының жүзеге асырылуы мен нәтижелері туралы баяндады. Университеттің халықаралық аренадағы рөлі мен ғылыми бағдарламалардың кеңеюі туралы сөз болды. Болашақта шетелдік студенттер мен оқытушыларды тарту, халықаралық зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту көзделіп отыр.

Кеңес барысында бірнеше өзекті мәселелер де қаралды:

  • Қауымдастырылған профессор (доцент) атағын беру: Отырыста Ольга Яковлевна Швец, Багдат Нурланович Азаматов және Жанерке Кыдырбековна Азаматова кандидатуралары ұсынылды.
  • Аттестация мен оқу бағдарламаларын жақсарту: Жанат Кабылбековна Идришева аттестациялық комиссиялардың құрамы мен бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына қатысты аттестациялық комиссиялардың құрылуы туралы ақпарат ұсынды.

Кеңес соңында университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістіктері мен инновациялық жобалары туралы сөз қозғалды. 2024 жылғы Ғылыми кеңес отырысы ШҚТУ-дың ғылыми және білім беру саласындағы стратегиялық жоспарларын жүзеге асырудағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылады. Университет өзінің академиялық сапасын жақсарту, халықаралық ынтымақтастықты арттыру және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін кеңейту үшін алдағы жылдары жаңа бастамаларды енгізуді жоспарлап отыр. 2023-2029 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы мен оның аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар университеттің әлемдік білім беру жүйесінде жоғары орын алуына және ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал ететін болады.