Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде әскери кафедраның 25 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шара өтті. Бұл айтулы оқиға университеттің әскери кафедрасының еліміздің қорғаныс саласына қосқан үлесін және жастарды патриоттық тәрбие мен әскери біліммен қамтудағы жетістіктерін атап өтуді мақсат тұтты.

ШҚТУ әскери кафедрасы өз жұмысын 1999 жылдан бастау алады, бүгінгі күні бір ширек ғасыр ғұмыры бар тарихында мыңдаған студентке әскери дайындық, тактика мен стратегия, сондай-ақ еліміздің қорғаныс саласындағы маңызды дағдыларды меңгертуге мүмкіндік берді. Әскери кафедра университет студенттеріне қосымша білім беру арқылы еліміздің Қарулы Күштеріне жоғары білікті мамандарды даярлауға өз үлесін қосып келеді. Бұл кафедраның түлектері бүгінде еліміздің әртүрлі әскери құрылымдарында, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қызмет атқаруда.

Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты - әскери кафедраның жетістіктерін, оның білім беру саласындағы рөлін және тәрбиелік маңыздылығын атап өту болды. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылары, студенттер, әскери бөлімдердің қызметкерлері қатысты. Құттықтау үшін сөз әскери кафедра бастығы запастағы полковник Манцуров Олег Александровичке беріледі. Келесі сөзде «1960 жылы студент ретінде алғашқы курсыма түсіп, осы университтеттің түлегі атандым. Менің жадымда сол жылдары әскери кафедра құрылып совет үкіметі құлдыраған шақта қайтадан жабылып қалды. Араға көп жылдар салып әскери кафедра қайта құрылып студенттерді оқытуын қолға алды. Міне содан бері 25 жыл зымырап өте шығыпты. Барша әскери ұжымды бүгінгі мерейтойларымен құттықтаймын!» деді өз сөзінде Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бұрынғы ректоры, Юрий Васильевич Баталов.

Мерекелік шара барысында кафедраның басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер ерекше құрметке ие болды. ШҚТУ әскери кафедрасының меңгерушісі мен университет басшылығы 25 жылдық кезең ішінде кафедраның жетістіктері мен дамуына зор үлес қосқан қызметкерлер мен азаматтарды марапаттады. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің Құрмет грамотасымен әскери кафедраның қызметкерлері: Қаражігітов Санат Мейірханұлы, Солохин Дмитрий Вячеславович, Масақов Асқар Аманжолұлы, Қаланов Марат Тоқтасынұлы, Хайрбекова Динара Мейрамбекқызы марапатталды. Сондай ақ Шығыс Қазақстан Техникалық Университеті ректорының Құрмет грамотасымен Салимжанов Батырхан Сейілқанович, Қанафиев Ермек Нұрсеитович, Омаров Болат Айтмұхаметович, Қарымсаков Берік Қайнолдаұлы, Оразметов Мұхтар Дәутұлы, Искулов Қали Сарқытпаевич, Мұшельбаев Талғат Кентаевич, Мәженов Ерік Жұмағалиевич, Овсяник Светлана Петровна, Азанғұлова Райгүл Орынбайқызы, Смутіна Оксана Васильевна, Сафарбай Диас Саидұлы, Датаев Малик Магомедұлы, Ринатұлы Әнуар, Тоғызбаев Мейіржан Қажыбекұлы, Шогелов Арман Нұржанұлы, Әдіямбеков Дарын Досымұлы марапатталу мәртебесіне ие болды. Марапаттау - ерен еңбегін, жоғары кәсіби деңгейін және университеттің дамуына қосқан зор үлесін бағалаудың белгісі болып табылады. Әскери білімнің маңызы, кафедраның еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі туралы сөз сөйлеген спикерлер қонақтарға патриоттық рухты арттыру мен әскери қызметке деген құрметті ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Мерекелік кеште университет студенттері мен әскери кафедра тыңдаушыларының қатысуымен патриоттық ән және би шашуы мен әскери тақырыптағы көріністер ұсынылып, қонақтар кештің рухани атмосферасынан ерекше әсер алды.

ШҚТУ әскери кафедрасының 25 жылдығы елімізде әскери білімнің маңызын тағы бір рет еске салады. Бүгінде Қазақстанның жас жігіттері мен қыздары ел қорғаушы мамандар ретінде жоғары деңгейде білім алып, кәсіби даярлықтан өтуде. Әскери кафедра болашақ мамандарды әскери қызметке даярлаумен қатар, олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, ел бірлігін нығайтуға септігін тигізеді.

Кафедраның 25 жылдығы аясында өткен іс-шара ұрпақ сабақтастығы мен патриоттық тәрбиенің маңыздылығын көрсетіп, әскери саладағы мамандардың үздіксіз білім алуына бағытталған оқу үрдісінің болашағын айқындады. Әскери кафедраның түлектері елдің абыройын асқақтатып, жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар ретінде қызмет етіп келеді.

ШҚТУ әскери кафедрасының 25 жылдығы - тек бір оқу орнының, бір кафедраның емес, тұтас елдің жас ұрпағының бойындағы отансүйгіштік қасиеті мен елге қызмет ету рухының көрінісі деп білеміз. Мерекелік шара кафедраның жетістіктерін атап өтумен қатар, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын тағы да бір мәрте ұғындырды. Қорғаныс саласына маманданған болашақ ұрпақтың қатарын көбейту арқылы Қазақстанның дамуына үлес қосатын мамандарды даярлау ісі әлі де жалғасын таба бермек.