Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің офицері Қ.А. Мықтыбаевтың, университеттің Проректоры, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша жауапты, әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл Асия Машекенованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу бойынша кеңес өткізілді. Аталған шараға жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ университеттің түрлі бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында басты назар СЖТІТ өткізу әдістемесіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәселелеріне аударылды. Қ.А. Мықтыбаев жұмыс тобының мүшелеріне университеттің қолданысындағы нормативтік құқықтық актілерінде және ішкі нормативтік құжаттарында СЖТІТ жүргізу кезінде бағалау үшін пайдаланылатын негізгі, типтік сыбайлас жемқорлық факторларын түсіндірді. Сонымен қатар, комплаенс офицері университеттің ұйымдық-басқару қызметіндегі және оның бизнес-процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау әдістерін егжей-тегжейлі баяндады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған шаралар мен іс-қимылдарда ерекше маңызға ие болып отырғаны - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында туындайтын себептерді анықтау болып табылады. Қ.А. Мықтыбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін қажетті заңнамалық нормалар мен ішкі регламенттерді қолдана отырып, университеттің басқару жүйесіндегі әлсіз тұстарды ашуға назар аударды.
Кеңес барысында сондай-ақ, СЖТІТ нәтижелерін ресімдеу мен оларды талдау бойынша түсініктемелер берілді. Бұл әрекет университетте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүйелі түрде жүргізу үшін ішкі бақылау механизмдерін жетілдіру және нақты қадамдар арқылы қажетті өзгерістер енгізу қажеттілігі атап өтілді.
Кеңес барысында қатысушылар жұмыс тобының тиімділігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының іске асырылу барысына қатысты ұсыныстар мен пікірлер білдірді. Талқылау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде бағалау және оларды азайту бойынша нақты іс-қимыл жоспары жасалды.
Бұл кеңес университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқу орнының басқару жүйесін нығайту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы имиджін одан әрі күшейту үшін маңызды қадам болып табылады.