Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Басқарма төрағасы-ректор Сауле Рахметуллинаның төрағалығымен Басқарма отырысы өтті. Іс-шараға проректорлар, декандар, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен құзырет орталықтарының басшылары қатысты. Отырыста университеттің ағымдағы және алдағы жобалары талқыланып, магистранттар мен докторанттарды қабылдау туралы есеп тыңдалды.

Жиын барысында алғашқы сөз, «8D06101-Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болған Мария Емельяноваға диплом тапсырудан басталды. Емельянованың жетістігі университет үшін маңызды оқиғаға айналып, жоғары білікті мамандарды даярлаудағы ШҚТУ-дың табыстылығын және Қазақстанның ғылыми әлеуетін дамытудағы үлесін көрсетті.

Ректордың түлектермен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Нұрбол Мамырханов түлектерді қолдауға және олармен белсенді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Alumni жобасының жұмысының нәтижелері туралы баяндама жасады. Ол өткен жылғы жетістіктерімен бөлісіп, түлектердің университет өміріне қатысуын атап өтіп, 2024-2025 жылдарға арналған жоспарларды жариялады. Жобаның міндеттері арасында түлектердің өзара байланыс желісін дамыту және тәжірибе алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау бар.

ШҚТУ бас бухгалтері Наталья Всяких университет Мектептері мен Орталықтарында атаулы оқу аудиториялары, зертханалар және басқа да бөлмелерді құру перспективалары туралы айтып берді. Оқу кеңістігін даралау мәселелері университеттік бөлімшелердің бірегейлігін арттыру және студенттердің өз «альма-матеріне» деген адалдығын күшейту стратегиясы аясында талқылануда.

Сондай-ақ, Академиялық қызмет департаментінің директоры Жанат Идрисева және ғылыми-зерттеу жобаларын қолдау кеңсесінің бастығы Оксана Денисова магистранттар мен докторанттарды қабылдау бойынша апта сайынғы егжей-тегжейлі есеп ұсынды. Баяндама магистратура мен докторантураға жаңа студенттерді қабылдау динамикасын көрсетті, бұл ШҚТУ-дың ғылыми әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады.

ШҚТУ медиа орталығының қызметкерлері университеттің білім беру бағдарламаларының жарнамалық науқанының тұжырымдамасын ұсынды. Жаңа, жеңіл форматтағы жарнамалық шаралар болашақ студенттерді тартуға және университеттің танымалдылығын арттыруға бағытталған.

Отырыс ШҚТУ-ды одан әрі дамытуға және университет ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған ағымдағы міндеттер мен келешек жобаларды талқылаумен аяқталды.