Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да жемқорлыққа қарсы жобаны іске асыру мақсатында біріктірілген менеджмент жүйелері бойынша бас кеңесші Анатолий Бандуромен онлайн – курс өтті. Оқу курсына университеттің Мектеп декандары мен өзге де қызметкерлері қатысты.

Анатолий Бандуро ISO халықаралық стандарттары бойынша сапа менеджменті жүйесінде 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Ол университеттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін құру мүмкіндігін зерделеуді 2015 жылы Жапонияның үздік оқу орындарына барып "Жапониядағы білім беру жүйесі" оқу курсы кезінде бастаған. Содан кейін, 2016 жылы "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелері" ISO 37001:2016 халықаралық стандарты шығарылды. Оның басшылығымен Қазақстанның университеттеріне бейімделген оқу курсы әзірленді. Бұл стандарт халықаралық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған.

Қазір мұндай жоба "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КЕАҚ-да жүзеге асырылуда. Жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі бойынша оқыту шаралары 2018 жылы өткен болатын. 200 қызметкер аталған жүйені меңгеріп шыққан.

Онлайн-курста Анатолий Бандуро ISO 37001 жүйесі туралы толық ақпарат берді. Бұл жобаның шектеулері мен оны басқару стандарттары және жобаны жүзеге асыру мерзімі туралы сөз қозғалды. Аталған жобаның университеттегі жетекшісі әлеуметтік-тәрбие жұмысы және азаматтық даму басқармасы бөлімінің маманы Гүлнар Жанабаева.

Осылайша, ISO 37001 жүйесін енгізу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін жүргізілетін болады.