Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Қоғамда парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру» тақырыбында өткен семинар-тренинг Сыбайлас жемқорлықсыз адал қоғамды қалыптастыруды көздеді. Бірінші курс студенттеріне арналған семинар-тренингтің басты мақсаты— сыбайлас жемқорлықсыз адал қоғамды қалыптастыру.

Семинар –тренингті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің аға офицері Бекбаева Гульнур Айткурмановна жүргізді. Семинар-тренинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазалау шараларын түсіндірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді азаматтық ұстанымды көрсету қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінің озық тәжірибелері талқыланып, жүзеге асырылып жатқан тың жобалар мен тиімді әдіс-тәсілдер ортаға салынды. Студенттерге «Жемқорлық. Парасқорлық. Адалдық. Парасаттылық. Әділдік. Сенім» тақырыбында дайындалған бейнероликтер көрсетілді.