16 қыркүйекте «Бизнес және кәсіпкерлік» мектебі мен «Сәулет және құрылыс» мектебіне шетелден келген ғалымдармен тәжірибе алмасу-ғылыми семинары өтті. Біздің құрметті спикерлеріміз PhD докторы, профессор, Люблин технологиялық университетінің менеджмент факультеті, кәсіпорынды ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі - Sloniec Jolanta; PhD докторы, Люблин технологиялық университетінің Менеджмент Факультеті, кәсіпорынды ұйымдастыру кафедрасының қауымдастырылған профессоры-Monika Kulisz; PhD докторы, Памуккале университетінің экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры-Özay Özpençe; PhD докторы, Памуккале университетінің экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры-Aylin Idikut Özpençe өздерінің ғылыми зерттеулер жүргізу және зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Әрбір профессор ғылымның қай саласында маманданатынын, қазіргі таңда қандай өзекті мәселелер мен жобалар бойынша жұмыс істейтінін егжей-тегжейлі таныстырып, докторанттарға мақалалар жазу және жариялауға дайындық бойынша кеңестер берді, өздері сабақ беретін университеттерде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы айтып берді. Кездесу өте жылы, достық жағдайда өтті. Әрбір оқытушы, жас зерттеуші және докторант өзі үшін пайдалы ақпарат алды, әңгімелесуге қатысты, қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды, шетелдік профессорлармен байланыс орнатты.

Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің деканы Альфия Манарбековна семинар соңында барлық ұжым атынан шетелден шақырылған профессорларға шын жүректен алғысын білдірді. Postgraduate орталығының басшысы Елена Николаевна семинар нәтижелері бойынша докторанттардың оң пікірлерін атап өтті.

Осындай кездесулер университеттің жас зерттеушілерінің түрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша кәсіби дамуының өсуіне ықпал ететіні сөзсіз.