Мемлекет Басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында насихаттап, студенттердің саяси мәдениетін қалыптастыру мақсатында, ағымдағы жылдың 14 қыркүйегі күні Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының м.а. Д.Жүнісов студенттермен кездесіп, семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараға Жер туралы ғылымдар, Машина жасау мектептерінің және Жоғары ІТ колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында Орталық мамандары Жолдаудың негізгі бағыттары мен реформаларымен таныстырып, студенттердің потенциалдарын пайдала отырып, топтық жұмыстар жүргізді. Семинар-тренинг соңында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің  студенттері халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Президент Жолдауын толық қолдайтындығын, өз мүмкіндіктеріне сәйкес міндеттерді іске асыруға ықпал етуге дайын екендіктеріне ниет білдірді.

Кездесуді Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы және Жоғары ІТ колледжі ұйымдастырды.