Ағымдағы жылдың 11 наурызында Міндетті медициналық сақтандыру қорының өкілдерімен ШҚТУ-дың оқытушылары, қызметкерлері және студенттерімен кездесу өткізді. Жиналысты аталған қордың бөлім басшысы Салтанат Адамова және "ММСҚ" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Жаухар Уразова жүргізді.
Кездесу барысында медициналық сақтандыруға қатысты толық ақпарат берілді. Университет қызметкерлері мен студенттері мазалаған сұрақтарын қор өкілдеріне қойып, тұшымды жауаптарын ала алды.