Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мамандары Жамбыл облысы, Шу ауданының жастарына арналған «Серпін» жобасы сенімді мүмкіндік» атты тікелей эфир өткізді. Кәсіби бағдар беру мақстында өткізілген бұл іс-шараны Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы», «Шу жастары» инстраграм парақшасында ұйымдастырды. Эфирді орталықтың инспектор-бизнес тренері Мақсат Шәймерден жүргізді.
Онлайн сұхбатты тамашалаған Шу жастарына ШҚТУ жайында және онда оқытылатын білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Университет еліміздің экономикасы үшiн бакалавриат, магистратура мен PhD докторантурының инженерлiк-техникалық, ақпараттық-технологиялық, экономика-басқарушылық, ғылыми-жаратылыстану, сәулет-дизайнерлік мамандықтардың кең спектрі бойынша мамандарды дайындайды. Бакалавриат бойынша 40, магистратура бойынша 36, докторантура бойынша 8 білім беру бағдарламасы бар екенін атап өткен жөн.
Мектеп бітірушілердің «Серпін» әлеуметтік жобасымен оқу бітірген түлектерді университет тарапынан жұмыспен қамтылуына басты назар аударылатынына, әрі ШҚО– ғы ірі кәсіпорындар өздеріне келген жас мамандарды материалдық тұрғыда қолдайтынына көздері жетті. Проректор Жадыра Қоңырбаева сұхбат барысында мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ тапсырып, мамандық таңдауда толғандыратын маңызды сұрақтарына жауап берді. Аталған бағдарламамен ШҚТУ-ға оқуға түсу үшін мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына өтініш берген уақытта, дайындайтын білім беру бағдарлама топтарын және «012» - университеттің кодын көрсету керек. Әр жыл сайын оңтүстік өңірдің жастары 50 балмен университетке оқуға қабылданып жатады. Студенттердің оқуына, жатақханада тұруына, өндірістік тәжірибелерден өтуіне барлық жағдай жасалған. 2-ші курстан бастап әскери кафедрада оқуларына мүмкіндік бар.
Шу жастарын Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті оқуға шақырады! Келіңіздер, кемел білімнің нәрін алып, жаңа әлемді бағындырыңыздар!