Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бірінші проректоры Сауле Рахметуллина студенттерге төлемдерге байланысты тікелей эфирде ақпарат берді. Эфир университеттің instagram парақшасында өткізілді. Студенттер аталған тақырыпқа қатысты және тағы да басқа мазалап жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала алды. Сауалдардың басым бөлігі шәкірақыдан айырылып қалған студенттердің мәселелері туралы болды.
Айта кетсек, бүгінде ШҚТУ-да бакалавр, магистратура және доктарантурада 4894 адам білім алуда, оның ішінде 3038 студентке шәкіртақы төленеді.