«Хабар» АҚ басқарма төрағасы, «Amanat» партиясы жанындағы республикалық штаб мүшесі Берік Уәли Өскемен қаласында референдумды түсіндіру бойынша кездесу өткізді. «Зерек» орталығында өткен кездесуге университетіміздің елдік саяси өміріндегі елеулі оқиғаға бей-жай қарамайтын белсенді студенттеріміз қатысты.
Кездесуде Берік Құрманғалиұлы референдумның мән-маңызын кеңінен түсіндіріп, халық өзгерістерді қолдаса Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік алатынымызды және Мемлекет басшысының бұл саяси шешімінің ел даумы үшін мән-маңызы айырықша екеніне айтып, референдумда ел болашағы үшін даусы беруге шақырды. Сонымен қатар жастармен Конститутцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жайлы пікір алмасты. Кездесу соңында студенттер сұрақ қойып, ұтымды ұсыныстарын білдіріп, жарқын болашақ үшін дауыс беретіндерін білдірді.