Ағымдағы жылдың 26 мамырында сағат 12:00-де ШҚТУ-дың бас ғимаратында конституциялық реформаларды түсіндіруге арналған Конституциялық реформа» тақырыбында семинар өтеді.

Семинар спикерлері Басқарма Төрағасы-ректор м.а. Сәуле Рахметуллина, «Amanat» партиясының Өскемен қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова, референдум өткізу жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың өкілі, қоғамдық қайраткер, «Жыл блогері 2013» бас номинациясының лауреаты, 2014 жылғы «Нұр Сұңқар» сыйлығының «Көзқарас - үздік блогер» номинациясының лауреаты, 2015 жылдың қорытындысы бойынша тағы да «Жыл блогері» сыйлығының иегері блогер Яков Фёдоров.