Сәуір айының 25 күні Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Бизнес мектебінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасындағы «Алтын бесік - Мұзтау» клубының 22-ЗКК-1, 22-ЗКК-3, 22-ГТК-1 топтары студенттері «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражайына» шығармашылық шеберлік сабағына қатысты.
Ағаш ою, темірден әртүрлі заттар жасау ісі бойынша шеберлік сағатын облыстың танымал ұстасы Нұрлан Есхожин жүргізді. Аталған шара маңызды да, жоғары танымды бейресми оқу түрі болып табылды. Студенттер темірден жасалған материалға арнайы құралдармен сурет салып, балта, шегемен ұру тәсілі арқылы бейне түсіруді үйренді. Сонымен қатар, қатысушылар сүйектен, теріден өңдеп жасалатын бұйымдармен танысып, жасалу тәсілі туралы ақпарат алды.
Ұйымдастырылған шара ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, оларды үйреніп, меңгеруге деген орасан зор үлес қосып, студенттердің жоғары қызығушылығын арттырды.