ШҚТУ өкілдерінің сапары аясында делегация құрамында ШҚТУ академиялық қызмет жөніндегі проректоры Асия Машекенова, «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы басшысы, ШҚТУ профессоры Мұрат Мұздыбаев, «Көлік машина жасаудағы смарт технологиялар және жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының басшысы, PhD докторы Динара Мырзабековамен TUTE президенті Mr. Zheng Qingchun-мен кездесті . Сонымен қатар, кездесуде TUTE проректоры Mr. Yang Bing пен автокөлік факультетінің деканы Yue Dongpeng болды.
Басқосуда университеттер арасындағы, әсіресе академиялық саладағы және ғылыми қызметтегі ынтымақтастық мәселелері мен нұсқаларын талқылады. Тараптар қорытындысы бойынша инновациялық SMART-технологиялар және жасанды интеллект, көліктегі және машина жасаудағы жаңа технологиялар саласында екі дипломды және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру туралы уағдаластықтарға келді. Сондай-ақ, университеттер арасында студенттер мен оқытушылар академиялық алмасуды жүзеге асыруда арнайы тетіктерін әзірлеуге келісті.
Сонымен қатар, Тяньцзинь технологиялар және білім беру университеті өзінің базасында ШҚТУ магистранттары мен докторанттарын - ғылыми тағылымдамалар өткізу үшін, сондай-ақ олардың зерттеулерінің ғылыми жетекшілігіне қатысу үшін қабылдауға дайын. Тараптар мүмкіндіктерді талқылап, инновациялық және серпінді технологиялар бойынша ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру туралы келісімге келді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.