ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының бастамасымен тұңғыш рет Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ұйымдастыруымен өткен Волейболдан ерлер арасында Қазақстан Студенттер лигасының V тур ойындары қорытындыланды.

Студенттер арасында өтетін бұл ойындар ел Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы «Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс» тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылдың ақпан айында бастау алған еді.

Бұл спорттық сайыс елімізде студенттер арасында волейболды дамыту, студенттер құрамасын анықтау, жоғары оқу орындарының спорт клубтары арасындағы серіктестікті дамыту мақсатында ұйымдастырылады.

Жарысқа Қазақстанның жоғары оқу орындарының Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қорқыт ата ҚМУ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Silkway Халықаралық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ командалары қатысты.

Жарыс нәтижесінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ І орын, Қорқыт ата ҚМУ ІІ орын иеленсе, ІІІ орынды Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қанжығасына байлады.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ проректоры Сәуле Рахметуллина және ОӘЖ жөніндегі проректор Жадыра Конырбаева Казақстандық университеттер арсында өткен волейболдан бірінші студенттік лигада 3 орынды иеленген құрама қоманданы марапаттады.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттаудағы және әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған 8-ші қысқы Универсиада ойындарын ұйымдастырудағы үздік жұмысы үшін дене щынықтыру және спорт кафедрасының барлық оқытушыларына ҚР БҒМ грамотасы табысталды.

ҚР БҒМ жанындағы дене шынықтыру және спорт ғылыми-практикалық орталығы елімізде студенттік спортты дамытқаны үшін ШҚТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов, проректор Сәуле Рахметуллина, ОӘЖ жөніндегі проректор Жадыра Қоңырбаева, ГМФ деканы Арайлы Сарсембаева алғыс хаттармен марапатталды.