1979 жылы Кеңес Одағы Ауғаныстанға кірді. Күллі дүниенің төрттен бірін алып тұрған алып одақтың түкпір түкпірінен азаматтар Ауған жеріне аттанды. Құрамында түрлі ұлт өкілдері болғандықтан, тау-тасты соғыс алаңынан қайтқандар «интернационалист-жауынгерлер» атанды.

Ауған соғысы 10 жылға созылған ұзақ қайшылыққа айналып, Кеңес әскерінің соңғы жауынгерлері тек 1989 жылдың 15 ақпанында қайтты. Бұл күн Орта Азиядағы елдердегі жауынгерлер үшін қуанышты да, мұңға толы күндердің біріне айналды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ айтулы күнді ардагерлермен атап өтті. Акт залында өткен кездесу барысында Подполковник Затримайлов Владимир Михайлович пен Подполковник Веселков Сергей Иванович өткен күндердің естеліктерін ақтарды. Ауғанда қаза тапқан ақтаңдақтарды еске алып, құрмет білдірілді.

Жоғары оқу орны студенттері ардагерлер мен қонақтарға арнап ән-күй орындап, өлеңдер оқыды.