14 қараша Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) «Мүмкіндіктер уақыты!» атты Жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл шара студенттер мен түлектер үшін үлкен мүмкіндік болып табылатын, оқу орны мен өңірдің экономикасы арасындағы байланысты нығайтуға, жастардың жұмысқа орналасу жолын жеңілдетуге бағытталған маңызды оқиға.

Жәрмеңкенің көздеген мақсаты - ШҚТУ студенттері мен түлектерін жұмыс берушілермен таныстырып, олардың еңбек нарығындағы орнын нығайту. Осы іс-шараның нәтижесінде, жастар өздерінің болашақ мамандықтары бойынша қажетті білімдер мен дағдыларын шыңдап, көптеген жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтай алады. Сонымен қатар, жәрмеңке университеттің оқу бағдарламасы мен өңірдегі кәсіпорындардың қажеттіліктері арасындағы үйлесімдікті арттыруға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке аясында бірнеше маңызды шаралар өтеді, олардың әрқайсысы өз алдына ерекше маңызға ие.

Күннің таңертеңгі уақытында бастау алған шараның алғашқы кезеңі қатысушыларды тіркеу және ұйымдастыру жұмыстарынан тұрды. Жұмыс орындары мен кеңестер беру орындары дайындалып, жәрмеңкеге қатысатын барлық жұмыс берушілердің қатысуына жағдай жасалды.

Жәрмеңкенің ресми ашылуы кезінде ШҚТУ және Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті арасындағы серіктестік меморандумына қол қойылды. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесінде университет пен мемлекеттік мекемелер арасындағы байланыс нығайып, студенттер мен түлектерге жаңа мүмкіндіктер ашылды.

«Экология департаментінің негізгі міндеттерінің бірі жас мамандарды жұмысқа тарту. Себебі қазіргі жастар жаңаша ойлайды. Көп мамандарымыз зейнетке немесе өзге кәсіпорындарға кетуде. Сондықтан сол мамандардың орнын толтыру үшін сол мамандардан тәлім алсын деп жас мамандарды үйрету мақсатында қосу ойда бар. Алдағы уақытта осы маман тапшылығын болдырмауды қолға алып Меморандумға қол қойдық. Бізге химиктер, экологтар, тіршілік қауіпсіздігі мамандықтағы және тау кен мамандары квалификациялық талаптарға сәйкес жоғары да айтылған маман иелері жұмысқа орналаса алады. ШҚО бойынша жалпы 3 бөлім жұмыс істейді солардың барлығына мамандар қажет.» деді «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологияны реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, м.а. О. Жетекшісі Тауырбеков Азамат Нұрланұлы бізге берген сұхбатында.

Ең қызықты және маңызды кезеңдерінің бірі - студенттер мен түлектердің жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуы. Бұл жерде түлектер өздерінің кәсіби амбицияларымен бөлісіп, нақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қоя алды. Сондай-ақ, жұмыс берушілер жастарға қажетті кеңестер мен ұсыныстар берді.

IT мамандықтарының студенттері үшін қызықты викторина ұйымдастырылады. Бұл шара жастардың алған білімдерін тереңдетіп, ой-өрістерін кеңейтеді, сондай-ақ жұмыс берушілермен байланыс орнату үшін қажетті дағдыларды дамытады.

«Біздің департамент жәрмеңкеге жылда қатысады. ШҚОПД аудан бойынша бос лауазымдарға жәрмеңкеге қатыстық. Осы жәрмеңкеге қызығушылық білдірген қолдарында дипломдары бар және 4 курста оқып жатқан студенттермен тығыз байланыста жұмыс атқардық. Біздің нақты талаптарымыздың бірі 35 жасқа дейін қолдарында дипломдары бар үміткерлерді жұмысқа шақырамыз. Тілдесу барысында жалақы жайлы және тұрғын үйді жалдауға берілетін үстемақы туралы сауалдар болды» деп түйіндеді полиция полковнигі Ерхат Қайнуллаұлы Шалқыбаев ШҚО ІІД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы.

«Мәңгілік Ел жастары - индустрияға!» жобасы аясында жас мамандар өз идеяларын ұсынатын Питч-сессия өтті. Бұл шара арқылы жастар өздерінің кәсіпкерлік бастамаларын таныстырып, жұмыс берушілерге өздерінің кәсіби көзқарастарын көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Жәрмеңкенің соңында оның нәтижелері қорытындыланып, қатысушылар арасында байланыс орнатуға және жұмысқа орналасу перспективаларын талқылауға мүмкіндік беріледі.

Жәрмеңке аяқталғаннан кейін «Вакансии от работодателей 2024» атты арнайы жинақ жасалады, ол барлық қатысушыларға ұсынылады. Сонымен қатар, жұмыс берушілер өздерінің бос жұмыс орындарын жәрмеңке ұйымдастырушылары арқылы жариялай алады. Жиналған мәліметтер қатысушыларға болашақ жұмысқа орналасу үшін пайдалы болары сөзсіз.

Бұл жәрмеңке - ШҚТУ студенттері мен түлектері үшін үлкен мүмкіндіктердің бастамасы. Ол тек жұмысқа орналасуға мүмкіндік емес, сонымен қатар кәсіби байланыстар орнатуға, жаңа көзқарас пен тәжірибе алуға бағытталған маңызды қадам. Жастардың білімін, дағдыларын және амбицияларын жұмыс нарығына ұсынатын орын бола отырып, жәрмеңке өңір экономикасының дамуына да өз үлесін қосады.

ШҚТУ ұйымдастыратын «Мүмкіндіктер уақыты!» жәрмеңкесі студенттер мен түлектер үшін өздерін танытуға, жаңа мүмкіндіктер табуға, жұмыс берушілермен байланыс орнатуға және мансап жолында алғашқы қадамдарды жасауға мүмкіндік береді. Бұл шараға қатысу - сіздің болашағыңызға инвестиция салу, мансабыңыздың жарқын болашағына жол ашу деген сөз. Сондықтан, жастарға осы маңызды оқиғадан қалыс қалмауға кеңес береміз!