Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ –дың бизнес және кәсіпкерлік Мектебінің профессоры Елена Колос университет қызметкерлеріне «Өз уақытыңды қалай тиімді басқаруға болады?» атты тренингін өткізді. Аталған тренинг "XYZ ұрпақтарының университеті" жобасы аясында ұйымдастырылды.
Тренинг бағдарламасында уақыт жайында толық түсініктеме беріліп, оны тиімді пайдаланудың тәсілдері айтылды. Қатысушыларға шағын сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамада уақыт жолғалтудың негізгі себептері, жұмыс уақытының құрылымы, уақытты басқару, демалыстың маңыздылығы туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, іскерлік ойын да ойнатылды.
Шара соңында қатысушылар өздерінің уақыттарынның басым бөлігін бос дүниелерге кететінін байқады. Қорытындылай келе, олар алтын уақыттарын тиімді пайдалануға уәде берді.