ШҚТУ-дың медициналық орталық маманы Жанат Темірханова студенттермен кездесіп, вакцина алудың маңыздылығы туралы айтты. Жиын №1 студенттік үйде болды.
Медбике Жанат Темірханова, вакцинадан кейін қандай реакция болу мүмкін, өзіңді қалай ұстау керектігін егжей-тегжейлі айтып берді. Білім алушылар өздерің мазалаған сұрақтарын қойды. Жиі қойылған сауалдың бірі - Covid-19 қарсы вакцинациядан кейін ауру жұқтыру мүмкін бе? Мамандардың айтуынша, дұрыс жасалған вакцинация вирусқа төтеп беру үшін иммундық жүйені жаттықтыруға көмектеседі. Егер екпеден кейін инфекцияны жұқтырсаңыз, ауру әлдеқайда жеңіл түрде өтеді. Бірақ симптомсыз науқастар инфекция таратушы болуы мүмкін. Сондықтан вакцинациядан соң да әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киген жөн.
Барлық сақтық шараларын сақтау керек. Тіпті толық вакцинация инфекцияны жұқтыру мен таратудан 100% сақтамайды.