Өскемен қаласында «Жас Сарбаз» клубтарының облыстық байқауы өтті

2026 жылғы 30 сәуірде Өскемен қаласында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Жас Сарбаз» клубтарының облыстық саптық және ән байқауы өтті. Аталған іс-шараға ВКТУ Жоғары IT колледжінің «Қырандар» командасы қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша «Қырандар» командасы жүлделі III орынға ие болды.

«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы — оқушылар мен студенттер арасында патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және тәртіпті қалыптастыруға бағытталған жастар бірлестігі болып табылады. Қозғалыс аясында қатысушылар саптық дайындық негіздерін меңгереді, дене шынықтыру қабілеттерін дамытады, әскери-спорттық жарыстарға және түрлі деңгейдегі патриоттық іс-шараларға қатысады. Сондай-ақ командалық рухты, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға және ел тарихы мен дәстүрлеріне құрмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.

Клуб жетекшісі — отставкадағы подполковник Егембердинов Т.М., ол жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге елеулі үлес қосып келеді.