Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне

14 желтоқсанда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс болды.

Университет ректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Шаймарданов құттықтау сөз сөйледі.Салтанатты жиналыста жұмыс қорытындысы шығарылып, оқу, ғылыми және тәрбие ісіне, инфрақұрылымды және материалдық-техникалық базаны нығайтуға ат салысқан таңдаулы адамдардың аттары аталды.

Едино государство, когда един народ Едино государство, когда един народ Едино государство, когда един народ

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үшін білікті мамандар және лайықты кадрлар дайындауға айтарлықтай үлес қосқаны үшін әскери кафедраның бастығы Олег Манцуров марапатталды. Көп жылғы жемісті, ғылыми-педагогикалық қызметі үшін геодезия, картография және кадастр кафедрасының профессоры Төлеген Ипалақов Өскемен қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен мадақталды. «Востокакадемпроект» ғылыми - жобалау- зерттеу институтының жобалау бюросының жетекшісі, профессор Александр Хапин, іс және қызметкерлер басқармасының бастығы Найля Дүзкенева, редакциялық - баспа орталығының жетекшісі Оксана Николаенко ректордың Құрмет грамотасымен марапатталды. Шаруашылық басқармасының қызметкерлері Сергей Рольгейзер, Серікбек Кәріпбаев, Нұрбек Теміров және Қайролда Ахметжанов іске зор жауапкершілігі, жұмыстағы жоғары сапасы үшін университет ректорының алғыс хатына ие болды. 

Едино государство, когда един народ Едино государство, когда един народ

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Таңдаулы кураторлық топ» байқауының қорытындысын шығару дәстүрге айналған. Бірінші орынды- 12-БУК-1п тобы алды, ол Астанаға жолдамамен марапатталды, екінші орын алған 12-ГТК-1 тобына Абай еліне жолдама берілді, үшінші орындағы 13-ВРК-1 тобы жазда «Простор» спорт-сауықтыру лагерінде демалады.

Мейрам студенттік шығармашылық бөлімі әзірлеген мерекелік бағдарламаға ұласты.