Ақпанның 27-сі күні «Soleil» клубында жаңа кездесу өтті. Осы жолы біздің қонақтарымыз Colin мырза мен Африкадан келген студент James болды.

Кездесу «Бақыт» тақырыбында өрбіді. Colin мырза өзінің презентациясын жариялап, өзі үшін бақыт деген не екендігін көрсетіп, айтып берді. Жиналғандар өздері қалай бақыт дегенді түсінетінін талдап шықты, ойларын бөлісті.

Содан соң студенттер әртүрлі ойындар ойнады. Нақты қызық ойын болған «Жануарды тап!» ойыны. Ойыншы басына байланған шүберекке қыстырылған жануарды ағылшынша сұрақ қою арқылы табуы қажет. Қалғандары «иә/жоқ» деп айтып көмектеседі. Бұдан бөлек, «Табу», «Оқиғаңды бөліс» сынды ойындарды ойнап, көңілді уақыт өткізді. Әмбе бәрі ағылшын тілінде болды.

"Тарихы қызықты кездесулерге толы «Soleil» клубта адам үшін өзекті сұрақтың бірі болған - Бақыт, бірі бола да беретін ұғымды жан-жақты қарастырды. Бақыт деген әркім үшін әртүрлі дүние болғанмен, «сәт, естелік, қарым-қатынас» түсініктеріне туыс екендігіне тағы да бір көзім жетті. Әдеттен тыс мен үшін жаңалық болған отырыстан 1-2 ой түйіп қайттым. Дәстүрге айналған Әнұранды айту рухты көтерді. Кәмпит жегізген, білім алған ғимаратқа қайта кіргізген рахмет саған Soleil!", - деп жылы лебізін білдірді Soleil-дің жаңа мүшесі, университет түлегі Темірлан.