2023 жылдың желтоқсан айының 5-нен 8-і аралығында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жарыстар:
- студенттер арасында қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және дамыту;
- отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- жеке қасиеттерді, командалық рухты және ұйымшылдықты көрсету үшін жағдай жасау;
- жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану және насихаттау мақсатында өтті.
Жарыста әскери кафедра студенттері спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен: қаруды шашып - жинаудан, армрестлинг, гір спорты, шахмат, қоссырықты итеру, кермеге тартылу бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.