Шеберхананың ашылу салтанатына ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, өңір әкімі Ермек Көшербаев, ҚХР-ның Қазақстандағы Бас консулы Ян Вэй бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясы және Тяньцзинь қаласының муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Чжан Лин мырза, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Бұл жоба – Қазақстан мен Қытай арасындағы берік достық қарым-қатынастың белгісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының деңгейін әрдайым жоғары бағалайды. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғаны баршаға аян. Бар болғаны 30 жыл өткендей көрінгенімен, осы уақыт ішінде экономиканың түрлі салаларында мемлекетаралық берік байланыстар орнады.

- "Лу Бань шеберханасы" - еліміз үшін бірегей жоба деп сеніммен айта аламын. Бүгінгі таңда Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін дамыту үрдістері отынның жаңа түрлерін, заманауи конструкциялық материалдарды енгізуге, автокөлікті басқару кезінде қауіпсіздікті арттыруға, автомобиль көлігінде жасанды интеллектті пайдалануға бағытталған. Осыған байланысты студенттерге заманауи Қытай жабдықтарын пайдалана отырып, озық автомобиль технологияларын үйренуге мүмкіндік беретін шеберхананың ашылуы инженерлердің жаңа буынын дайындайды, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Лу Бань шеберханасының ашылуы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығы аясында өтуінің символдық мәні бар. Мемлекет басшысы 2023 жылдың қазан айында Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың ІІІ форумының ашылу салтанатында атап өткендей, «Қазіргі заманғы геосаяси жағдайда «Бір белдеу – бір жол» бастамасы танымал халықаралық жобаға және ең үлкен ынтымақтастық алаңына айналды.

- Аяқталған құрылыс және ұйымдастыру жұмыстары негізінде "Лу Бань шеберханасы" алғаш рет "Бір белдеу - бір жол" бастамасының бірлескен құрылысы ұсынылған жерде жұмыс істейтін болады деп сенемін", - деп атап өтті Чжан Лин.

Осыған орай, Қазақстанда студенттерге Қытайдың заманауи жабдығын пайдалана отырып, алдыңғы қатарлы автомобиль технологияларын үйренуге мүмкіндік беретін бірегей Шеберхананың ашылуы инженерлердің жаңа буынын дайындайды.

Осылайша, «Лу Бань шеберханасы» Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастың «алтын 30 жылдығының» басталуының, «Бір белдеу – бір жол» бастамасының» 10 жылдығының, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 65 жылдығының, Тяньцзинь кәсіптік институтының 45 жылдығының аясында ашылып жатыр.

Сондай-ақ, Лу Бань шеберханасын ашу аясында ШҚТУ мен Тяньцзинь кәсіптік институтымен бірлесіп «Автомобильдік зияткерлік технологияларды қолдану мен жетілдірудің қазақстандық инжинирингтік орталығының» құру келісім-шартына қол қойылды.