2025 жылдың 15–18 сәуірі аралығында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің әскери кафедрасы базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар өтті.

Жарыстар арқан тарту, армрестлинг, гирь көтеру, АК-74 қаруын бөлшектеу және жинақтау, әскери-спорттық эстафета, турникке тартылу және ОЗК кию секілді 7 спорт түрінен ұйымдастырылды.

Нәтижесінде ЗаҚАТ пж циклінің командасы 1-орынды, БТТ циклінің командасы 2-орынды, ал ЖЖМК циклінің командасы 3-орынды иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушылар кубоктармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.