Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс офицері Қ. Мықтыбаев 2 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормалары, университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауға қатысты ішкі нормативтік құжаттарының және студенттердің академиялық адалдық қағидаттарына қатысты талаптары жеткізіліп түсіндірілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында Университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функциялары түсіндіріліп, студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.