Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында қалалық колледждермен желілік өзара әрекеттестік туралы шартқа қол қою рәсімі өтті. Бұл құжатқа қол қою – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға және өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған бірыңғай білім беру кеңістігін құру жолындағы маңызды қадам болды.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының колледждері қатысты.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – колледждер мен университеттің білім беру бағдарламаларын үйлестіру болып табылады. Бұл колледждердің бейінді мамандықтары бойынша түлектеріне ШҚТУ-дың білім беру бағдарламаларына оқу мерзімі 2 жыл болатын қысқартылған форматта оқуға түсуге мүмкіндік береді.

Аталған өзара әрекеттестік академиялық сабақтастықты қамтамасыз етіп, жоғары білімнің қолжетімділігін арттырады.