Мәскеуде (Ресей) «Болат қаңқадағы мұнаралы үлгідегі көпқабатты тұрғын үй» тақырыбында «STEEL2REAL'25» Халықаралық студенттік сәулет-құрылыс жобалары конкурсының финалдық кезеңі өтті. Байқауды ұйымдастырушы - «Болат құрылысын дамыту жөніндегі бизнес қатысушыларының бірлестігі» қауымдастығы (БҚДҚ).

Қазылар алқасын бағалау қорытындысы бойынша конструкторлар байқауының финалистері арасында екінші орынды "Құрылыс" білім беру бағдарламасының магистранты Андрей Бабичев алды.

Байқау финалистері арасында жүлделі орын алған магистрантты құттықтаймыз!