«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры 2022-2023 жылғы кезеңге «Білім гранттарына» қайырымдылық бағдарламасын бастады.
Қор бакалавриат бағдарламасы бойынша мемлекеттік немесе өзге де гранттарға ие бола алмаған ауылды жердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан абитуриенттерге, жетім және мүгедек балаларға грант ұсынды. Сондай-ақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының ақылы бөлімшелерінде оқитын студенттерге қор қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың барлық кезеңін стипендиялы грант жабады. Барлығы 2 мыңға жуық грант бөлінсе, біздің студенттер арасынан 9 бала конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, грант иегерлері атанды.
Жастардың жоғары білімге қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған мұндай әлеуметтік бағдарламалар қоғам мен мемлекет үшін үлкен маңызға ие.
17 қарашада Халықаралық студенттер күнінде ZOOM алаңында студенттердің қоғамдық қор өкілдерімен кездесуі өтті.
Қазақстан студенттері білім алу мүмкіндігін іске асыруда қолдау көрсеткені үшін «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорына алғыс айтты. Жоба үйлестірушілері студенттерге кәсіпті игеруде табыс және белсенді өмірлік ұстаным тіледі.