Ағымдағы жылдың 17 қарашасы күні Университетіміздің 300-ден аса студенттері мен оқытушылары Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының «А.Л.Ж.И.Р.» психологиялық драмасының кезекті қойылымының көрермендері болды.

Спектакль облыстық театр саханасында Сталиндік репрессияға ұшыраған жазықсыз әйелдердің тауқыметке толы тағдырын көркем және деректі мазмұнда баяндаған алғашқы туынды. Сахнадағы әйелдердің Кеңес өкіметі алдындағы кінәсі сол кездегі түсінік бойынша «Халық жауларының» әйелдері болуында ғана.

Автор көрермендерге, әсіресе жастарға сол кездегі тарихымыздағы қасіреттің тереңдігін көрсете отырып, өткенімізді есте сақтауға, барымызды бағалауға еске салғандай болды.

Спектакльде театрдың үш труппасы қазақ, орыс және жастар театры жұмыла бірігіп, өнер көрсетті. Әр актер өз рөлін шебер сомдағаны соншалықты, көрермендер өздерін бір сәтке сол кезеңге түскендей сезінді.

Ой түйе келе, қазіргі ұрпақ тарих беттерін өзгерте алмайтынмыз хақ, дегенмен, ұлт болашағы үшін қыршын кеткен қайраткерлеріміз бен азаматтарға тағзым етуді ұмытпағанымыз жөн.

Ал, ащы шындықты сомдаған қойылым әртістеріне лық толы залдың қошеметін айтып жеткізу мүмкін емес.

Спектакьлге баруды ұйымдастырған Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы.