Мамандық таңдау - жауапты, қиын және күрделі іс. Орта мектеп оқушыларын алаңдататын үлкен мәселе деп айтуға болады. Осыған орай, Foundation деканы Г. Е. Муслиманова, жоба менеджері А.С. Құрманғалиева ШҚО бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын бастады.
Гүлнар Муслиманова мен Айнагүл Құрманғалиева Серебрянск, Жаңа-Бұқтырма, Алтай, Үлкен Нарын, Хайрузовка, Майемер, Малонарымка, Солоновка, Катон-Қарағай, Алтынбел және Солдатово жалпы білім беру мектептерінде болды.
Сапардың мақсаты мектеп оқушыларын университет қызметімен, Білім беру бағдарламаларымен, оқуға түсу шарттарымен таныстыру және мамандық таңдауда көмек көрсету.