«Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының» қызметкерлері Өскемен қаласының «№26 орта мектебі» КММ 11-сынып оқушыларына арналған зертханалар бойынша экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында балаларды «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығымен, орталықтың зертханалық базасымен, осы сала мамандарының қажеттілігі, кәсіби қызмет саласы және жұмысқа орналасу орындары туралы ақпаратпен таныстырды.
Орталық қызметкерлері қала және облыс мектептерінің оқушылары арасында тұрақты негізде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.
Р. Т. Нұрекенова «Пайдалы каникул» аясында Шемонаиха қаласы мен Прапорщиково ауылының оқушыларына экскурсиялар өткізді;
В.П. Колпакова мен Ю. Ф. Давыдов «М. Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ және Өскемен қаласының «№19 орта мектебі» кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді;
Н. Еремеева Ушанова ауылының «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ оқушыларына экскурсия өткізді.