Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Білім мен ғылымдағы генеративті жасанды интеллект» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.

Бұл бағдарлама университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлеріне арналған. Курстардың спикері-EduTech Future стартапының директоры және негізін қалаушы Әсел Талғатқызы Мұсағалиева.

Жасанды интеллект (AI) - бұл адамның бағдарламалық жасақтамамен интуитивті өзара әрекеттесуіне ықпал ететін және нақты тапсырмалар шеңберінде шешім қабылдау процесін қолдайтын құрал. Білім беру саласында AI қолданудың маңызды артықшылықтарының бірі - жеке оқытуды ұсыну мүмкіндігі. Технология арқылы студенттер білім деңгейіне, оқу процесінің қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне бейімделген жекелендірілген оқу материалдары мен сабақтарын ала алады.