29 мамырда С.Аманжолов атындағы ШҚУ, "Рухани жаңғыру" өңірлік орталығы КММ және ШҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында тарихшылар мен өлкетанушылардың «Қағазда қалған халықтың қайғысы» атты форумы өтті.

Форумға саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары, Д.Б. Сапунов, қоғамдық бірлестіктер мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының жұмыс топтары өкілдері қатысты.

Форумда мұрағаттық деректер және саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мұрағат қорларын цифрландыру мәселелеріне байланысты көптеген сұрақтар қаралды. Форум аясында өңірлік комиссияның жұмыс топтары мүшелерін марапаттау рәсімі де өтті.

Аталған бағытта жүргізген ауқымды зерттеу жұмыстары үшін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ аға оқытушысы Жақсылықов Амантай Фрунзевич алғыс хатпен марапатталды.