31 мамыр - Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып табылады. Сталиндік дәуірдегі жазықсыз қаза тапқандарды еске алу тарихымыздағы орны толмас оқиғаларды естен шығармау екендігі белгілі. Сол кездегі мемлекеттің қатал саясаты, аштық пен жаппай қуғын-сүргін, жазықсыз адамдарды қудалау және күштеп жер аудару халықтың ауыр да орны толмас қиындықтарына алып келді.
Осы айтулы күнге байланысты, 2023 жылғы 24-мамырда профессор, т.ғ.к., Айдарбаева Раушан Қайсанқызы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің студенттеріне «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне арналған ашық дәріс өткізді. Дәріске "Алтын бесік - мұзтау", "Зерде" клубтарының студенттері қатысып, тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды.
Студенттерге тоталитарлық жүйе кезеңіндегі жаппай қуғын-сүргін жылдарының тарихы, лагерьлер мен қамау орындары, Ұлы Отан соғысы кезінде неміс басқыншыларына көмек көрсетті деп айыпталған халықтардың тағдыры, мәжбүрлеп көшіру тарихы баяндалды.
Шараға қатысушы оқытушылар мен тыңдаушылар мұндай іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өттіп, алғыстарын білдірді.