2025 жылдың 14-19 мамыр аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында гір көтеруден Азия чемпионаты өтті. Бұл байрақты бәсекеде сегіз елдің мықты спортшылары бақ сынады.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Жақсылық Төлеуғазинов бұл жарыста керемет нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті.

Ол ұзын цикл бойынша - 2-орын, серпе көтеруден - 2-орын, жұлқа көтеруден - 3-орын иеленсе, көпсайыс бойынша қарсыластарын шаң қаптырып, 1-орынды жеңіп алды.
Бұл жеңіс - спортшының тынымсыз еңбегі мен жүйелі дайындығының айқын дәлелі.

Жақсылықтың табандылығы мен ерік-жігері жас спортшыларға үлгі болары анық.

Университет ұжымы мен еліміздің спорт жанашырлары саған зор алғыс білдіріп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіңе тілектестік білдіреді. Жеңісіңіз тұғырлы болсын, чемпион!