Ақпараттық технологиялар және интеллектуалды жүйелер мектебінен тағы бір жақсы жаңалық! 

Бүкіләлемдік Google күнінде 3 курс студенті Давид Лискунович Google Developer Student Clubs (Google қызметкерлерінің студенттік клубы)  өңірлік ресми өкілі болып танылды. 

Енді клуб қатысушылары,  өз студенттеріміз ресми Google компаниясымен өтетін іс шараларға, конференцияларға қатысып,  Google компаниясының атынан шаралар ұйымдастырып, кәсіби қауымдастықтар мен байланысты күшейтуге, әлемдік корпорация тарапынан менторлық алуға мүмкіндіктер ашылды. 

Давидке сәттілік тілейміз және клубтың сәтті қадамдарын тамашалайық!