2022 жылдың 14 қыркүйегінде гуманитарлық білім факультетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі спикері «Қазақстан тарихы және қоғамдық-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Джаксылыков Амантай Фрунзеұлы сөз сөйлеп, Президент жолдауының бірнеше негізгі ережелерін талқылауға ұсынды.
- Жаңа экономикалық саясат.
- Нақты сектордың дамуы.
- Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар.
- Мемлекеттік басқаруд ісін қайта жаңғырту.
- Заң және тәртіп.
Баяндамашының Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіріп берген баяндамасы оқытушылар тарапынан үлкен резонанс тудырды. Әсіресе мектептегі білім беру, ел экономикасының нақты секторын құру және Қазақстан Президентін сайлау мәселелері ерекше өзекті болды.