Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ да «Киберспрорт және білім саласын геймификациялау» оқу зертханасы ашылды.
Зертхананы ашудағы мақсат –ІТ мамандардың дамуына заманға сай қолайлы орта қалыптастыру.
- Біздің жоғары оқу орны заманауи ІТ технологиялар мен оқыту әдістемелері бойынша алдыңғы қатарда. Университеттің материалды техникалық базасы, әдістемелік оқыту материалдары әрдайым жетіліп тұрады. Ал серіктестері: Huawei, Oracle, Компания 1С сынды халықаралық компаниялар. ШҚТУ еліміздің ЖОО арасындағы екінші орынды лайықты түрде алып отыр, - деді Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ КЕАҚ Басқарма-ректор Төрағасы Сәуле Рахметуллина.
Жаңа орталық базасында жас маман студенттердің көмегімен жүзеге асырылатын жобалар негізі құрылған. Олардың ішінде: өнеркәсіптік жабдықты модельдеу; Т-72 танкі моторын іске қосу бойынша виртуалды тренажер; шахталарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын оқыту; студенттер мен талапкерлерге арналған ШҚТУ телеграм-боты; Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша; туризмге арналған қосымша; 3D қолдану арқылы Абайтану турлары.
Жаңа орталықтың ашылуында Google (Ирландияда); "American Corner"; "Tech Central Asia" және т.б. компанияларында жұмыс істейтін Өскемен қаласының тұрғындары өз тәжірибесімен бөлісті.
"Astana hub" білім беру бағдарламалары кеңсесінің директоры Азиз Тлеумұратов; Harbor Space University-ден Алмаз Аубакиров (Барселона); Nazarbayev University, Tech Central Asia-дағы стартап үйлестірушісі Болат Сұлтанғазин; Codiplay компаниясының негізін қалаушы Жанәділ Талдыбаев; Google-дегі бағдарламашы (Ирландия) Айсұлу Хайдарқызы және басқалары шеберлік сабақтарын өткізді.