Еліміздегі маңызды саяси өзгерістерге қатысушылар – біздің жастар. Саяси өмірге араласудың қандай үлесі бар, бұл үшін қандай ресурстар қолдануға болады – осы және өзге де сұрақтар бойынша жас ұстаздар, ғалымдар мен магистранттар кездесу өткізді. Шараны ұйымдастырушы – «Аманат» партиясының Өскемен қалалық филиалы және оның атқарушы хатшысы А. Есімбекова.
Партия өкілі қазақстандық саяси үрдістерге жастарды белсенді қатысуға шақырды. Жас әріптестеріміз тек ғылыми ағартушылық ортада ғана емес, азаматтық ұстаным, белсенділік, ұтқырлық таныта алатыны сөзсіз.