8 елдің мықтыларын біріктірген байрақты бәсеке - гір спортынан Азия чемпионаты үстіміздегі жылдың мамыр айында Қырғызстанның Бішкек қаласында өтті.
Қазақстан құрамасы сапында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті, гір спортынан спорт шебері Дүйсенхан Бекзат өнер көрсетті.
6 дүркін әлем чемпионы атағы бар Бекзат осы жолы да мықты екенін дәлелдеді. Ол чемпионатта керемет нәтиже көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.
Бекзат ұзын цикл бойынша – 1, серпе көтеруден – 1, жұлқа көтеруден – 1 орын алып, нәтижесінде көпсайыс қорытындысы бойынша 1-орынды иеленіп, чемпионаттың 4 дүркін жеңімпазы атанды.
Бұл жеңіс – спортшының тынымсыз еңбегі мен жүйелі дайындығының айқын дәлелі болды.
Университет ұжымы саған зор алғыс білдіріп, алдағы уақытта өтетін Әлем Чемпионатында да биік белестерді бағындыруыңа тілектестік білдіреді. Біз сені мақтан етеміз, Бекзат!