ҚР Ауылшаруашылық министрлігімен қаржыландырылатын BR10865102 "Ауыл шаруашылығын басқаруды жетілдіру үшін Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) технологияларын енгізудің ғылыми-әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу" Мақсатты бағдарламалық қаржыландыру жобасы аясында кіші ғылыми қызметкер, бакалавр Бейсекенов Наиль Аликулы 2022 ж.5-8 маусым аралығында Италияның Неаполь қаласында өткен "IConBM2022" биомасса бойынша халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияны ұйымдастырушы - Италия химиялық инженерия қауымдастығы. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің төрағасы - профессор Сауро Пьеруччи.
Бейсекенов Наиль "Forecasting Crop Yields Based on Earth Remote Sensing Methods" ("Жерді қашықтықтан зондтау әдістері негізінде егістікті болжау") тақырыбында баяндама оқыды.